Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның ісі Ресейге беріледі

Германияда қайтыс болған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты іс материалдары Ресейге беріледі. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.
Бұған дейін желіде Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцовтың Мәскеудегі пәтерде түсірілген видеосы тарады. Видео сипаттамасында Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова мен Александр Донцовтың Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жатқаны айтылған.
Қойгелдиевтің сөзінше, Қазақстан тарабы күдіктілердің қай елдің азаматы екенін анықтауы керек. Содан кейін іс материалдары Ресейге беріледі. Тергеу әрі қарай сол елде жалғасады.
Айгүл Сайлыбаеваның қазасы
Айгүл Сайлыбаева 2024 жылы 3-4 маусымда хабарсыз кеткен. 16 маусымда пышақталған денесі қала шетінен пластикалық қапшыққа салынған күйі табылды.
2025 жылдың Сайлыбаеваның бұрынғы күйеуі мен енесінде Қазақстанда іздеу жарияланды.
Адвокат Жанна Мұхамади Айгүл Сайлыбаеваның аяғы ауыр болғанын айтты. Ол күйеуі және енесі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. Бұл туралы құрбыларына айтып, ұрып-соққанына айғақ болатын фото жіберіп отырған. Осыған байланысты Қазақстанда «қинау» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген.