Банк пен қаржы

Kaspi Gold картасы қызметінің тарифі 10 мың теңгеге дейін өсе ме

Kaspi gold төлем картасы
фото: shutterstock

11 ақпанда баспасөз бен әлеуметтік желілерде Kaspi Gold төлем картасының бір жылдық қызмет тарифі 10 мың теңгеге дейін көтеріледі-мыс деген қауесет тарады. Қаржы мекемесі мәліметті жоққа шығарды.

«Тарифтер мен қызмет көрсету шарттары сүйікті клиенттеріміз бен әріптестеріміз үшін өзермейді», – деп мәлімдеді kaspi.kz.

Қаржы мекемесі интернет кеңістігінде Kaspi Gold-тың жылдық қызметінің құны көтеріліп, картаны қайта шығару шарттары өзгеретіні, басқа банкке ақша аудару комиссиясы өсетіні туралы жалған мәлімет тарап жатқанын ескертті.

«Тарифтер туралы жаңарған заң құжатын дұрыс түсінбеу осындай қауесеттік таралуына себеп болды. Онда Қазақстан заңдары талабына сай, шекті мәні ғана көрсетілген», – деп түсіндірді банк.

kaspi.kz кез келген елеулі өзгеріс туралы алдын ала ескертетінін мәлімдеп отыр.

Қазір Kaspi Gold қызметінің алғашқы жылы – тегін. Ал одан кейінгі жылдардағы бір жылдық қызмет ақысы – 1995 теңге.