Президент азаматтардың құқығын қорғау мәселесі бойынша жиын өткізді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Президент азаматтардың құқығын қорғау мәселесі бойынша жиын өткізді / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және елдегі қоғамдық тәртіпті нығайтуға арналған жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға Президент әкімшілігінің, Қауіпсіздік кеңесінің және құқық қорғау органдарының жетекші өкілдері қатысты.

Кеңес барысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын жүзеге асыру аясында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы өзекті мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы бұл саладағы үйлесімді әрі тиімді жұмыстың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, президент жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізген Конституциялық комиссияның қызмет нәтижелерімен таныстырды.

Осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум күнін 15 наурызға белгілеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз