Қайрат Қожамжаровтың статусы әзірге айқын емес – Бас прокуратура

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Қазақстанның бұрынғы Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың құқықтық статусы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті.

«Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, оның статусы әзірге анықталған жоқ», – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, күзде Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 2 желтоқсанда іздеудегі Қожамжаров Мәскеуде жүр деген ақпарат тараған.  

Сондай-ақ оқыңыз