ҚТЖ миллиардтаған юань қарыз алады

«Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ, «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясы) 2,22 млрд қытай юанін алады, деп жазылған Ұлттық компанияның директорлар кеңесі қабылдаған шешімде.
Директорлар кеңесі 5 ақпанда шешім қабылдады Ол бойынша ҚТЖ әрқайсысының номиналы 1 мың юань болатын 2,22 млн облигация шығарады. Құжатта ҚТЖ басқарушы директоры Даир Көшеровке бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылған.
Хабарламада бұл ақша қандай шарттармен тартылатыны және не жұмсалатыны көрсетілмеген. Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша (бір юань үшін 71,18 теңге), 2,22 млрд юань жарияланған кезде 158 млрд теңгені құрайды.
ҚТЖ 2024 жылы 2,2 трлн теңге табыс алды, 2023 жылы 1,9 трлн теңгемен салыстырғанда, пайда – 127,7 млрд теңге (2023 жылы – 131,3 млрд теңге). 2024 жылдың соңында бөлінбеген пайда 856,7 млрд теңгені құрады (бір жыл бұрын – 623,7 млрд теңге еді). ҚТЖ жалғыз акционері «Самұрық-Қазына».
ҚТЖ басқарушы директоры Даир Көшеров 2025 жылы АҚШ-тың Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 млрд болатын үш келісімге қол қойғанын хабарлады. Мұның ішінде 1,6 млрд долларға 300 локомотив сатып алуды көздейді.
Америкалық Citibank компанияcы Астанадағы зауытында жиналатын Wabtec локомотивтерін сатып алу үшін ҚТЖ-ны 10 жылға 1,6 млрд долларға қаржыландырады, деп хабарлады ҚТЖ. ҚТЖ мен Citibank арасындағы мандаттық келісім Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында жасалды. Мәмілеге АҚШ-тың экспорттық-импорттық банкі (US EXIM) қолдау көрсетеді, ол қарыздың кепілі болады.
Жеткізуді 2038 жылға дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Локомотивтердің өзі американдық Wabtec Transportation Engines Holding B. V. компаниясының еншілесі Астанадағы «Локомотив құрастыру» зауытында шығарылатын болады.
Юаньмен қарыз алу
Көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да қытай валютасымен қаржыландыруды тарта бастады. Мысалы, қыркүйекте Қазақстанның Даму Банкі облигацияларды орналастыру есебінен 2 млрд юань тартты. Қазан айының соңында «ҚазМұнайГаз» Гонконг қор биржасында 1,25 млрд юань сомасына облигацияларды сәтті орналастырды.
Қыркүйек айында «Самұрық-Қазынада» жалпы сомасы 10 млрд юань болатын Panda Bonds облигациялық бағдарламасы бекітілгені хабарланды. Бағдарламаның егжей-тегжейі белгісіз, алайда жақында Қор басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Corporation Limited президенті Ван Шугуанмен кездесті. Тараптар «Самұрық-Қазынаның» Қытай облигациялары нарығына шығу перспективаларын талқылаған.