Шымкентте тағы да жол үстінде жаппай төбелес болды

Жарияланды
жолдағы төбелес
Фото: ЖИ

Шымкентте түс мезгілінде жаппай төбелес болды. Куәлардың түсірген видеосына қарағанда, оқиға қала орталығында болған.

Видеодан жүріп бара жатқан көлікті тоқтатқандар жаппай төбелескенін көруге болады. Кейбірі оларды ажыратады. Видео әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. Оған қалалық полиция департаменті көп өтпей пікір білдірді. Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысқандардың бәрі ұсталған. «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған жайт бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға қатысушыларының барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізушілер арасында жол үстінде жанжал туындап, кейін ашық төбелеске ұласқан» делінген полиция хабарламасында.

жол үстіндегі төбелес
Фото: Видео кадры

Іс бойынша 3 күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Полиция жаппай төбелеске қатысқан әрбір адамның іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетінен мәлімдеді.

Сонымен бірге тұрғындарға жол үстінде дауды күш қолдану арқылы шешуге бағытталған кез-келген әрекет қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер жауапқа тартылатынын ескертті.

Шымкентте жол үстіндегі жаппай төбелес бұған дейін де болған.

Сондай-ақ оқыңыз