Талғар әкімі отставкаға кетті

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Талғар әкімі отставкаға кетті / Фото: Талғар әкімдігінің Фейсбук парақшасынан

Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы отставкаға кеткені туралы хабарлады. 42 жастағы әкім Facebook-те қоштасу хабарламасын жазды.

«Мен атқарған қызметімді денсаулығыма байланысты аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. Денсаулығыма байланысты белгілі бір уақыт еңбек демалысында болдым. Осы жағдай қызметтік міндеттерімді толық әрі сапалы атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды жөн санадым», – деп түсіндірді Арыстанбек Әбілқайырұлы.

Ол бір жыл бұрын оған дауыс берген қала тұрғындарына, сондай-ақ Талғар ауданының басшысы мен әріптестеріне алғыс білдірді.

«Алдағы уақытта да Талғар қаласының дамуына бейжай қарамай, ел игілігі жолындағы бастамаларға тілектес боламын. Қаламыздың болашағы жарқын, дамуы қарқынды боларына сенімдімін», – деп жазды Арыстанбек Әбілқайырұлы.

Әкім лауазымында Арыстанбек Әбілқайырұлы бір жыл екі ай қызмет атқарды. Бұған дейін «Талғар тұрғын үй» ЖШС директоры болған, өндірістік кооперативте басшылық лауазымдарды атқарған, үкіметтік эксперименттік шаруашылықта жұмыс істеген.

Сондай-ақ оқыңыз