
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Масуд Пезешкианға құттықтау жеделхатын жолдады.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, Тоқаев оны Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтаған.
«Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі», – делінген хабарламада.
Айта кететін жайт, Тоқаев мұның алдында Жапония премьер-министріне көңіл айтқан еді.