Жансырым vs БалШырын: офлайн айтыс шағын залда өтетін болды

Жарияланды 11 Ақпан 2026 17:51

Торғын Қабен

Торғын Қабен

айтыс
Коллаж: KursivMedia

Қаңтардың аяғынан бері онлайн айтысып келген ақындар ақыры бетпе-бет көрісетін болды. Балғынбек Имаш пен Айнұр Тұрсынбаева – бір жақ, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан бір жақ болып кездеспек болып ұйғарды. Дегенмен бұл жолы батл көз үйренген хан сарайдай кең жерде емес, жүз адамға жетер-жетпес шағын залда өтеді. 

12 ақпан күні айтыс өтетіні туралы ақпарат осыдан біраз уақыт бұрын шыққан. Онлайн билеттердің де саудасы қызды. Ал енді тікелей эфир емес, реал-тайм режимде көргісі келетіндерге залдан орын алуға мүмкіндік бар деп ақындар парақшаларында жарнамалап, ақпарат беріп жатыр. Жандарбек Бұлғақовтың айтуынша, орын саны 80-90 шамасында ғана.

«Онлайн көрермен арасында Өзбекстан, Қырғызстаннан жанкүйерлер бар екен. Бұған бірден-бір себеп – Айнұр және Балғынбек ақынның сахнаға қайта оралуы. Бұрынғы аудиторияның бәрін қайтадан жинап жатқан сияқты. Алматыға келіп көремін дегендер билет ала алады. Батыс Қазақстаннан «ата-анамды алып бара жатырмын» деп жатқандар бар. Бірақ бір ескере кететін дүние – айтысатын алаң ондай үлкен емес», – деді айтыскер. «Айтысты онлайн тамашалағысы келетіндердің ішінде Америка, Мәскеуден де ағайын бар», – деп скриншот салды Жандарбек.

Залдың шағын екенін сынап, Айнұр Тұрсынбаева ұйымдастырушы жастарды сөзбен түйреп өтті: «Мен айтыстан кетсем де, айтыс менен кетпеген сияқты. Ақындық қанмен берілетін қасиет болғаннан кейін қай кезде де мен айтыстан қорықпаймын. Өткенде Жандарбек пен Сырым «Айнұр айтыса алмайды, қарайып қалып кеткен» деп айтыпты. Балғынбек содан бір айтысып берейік деді. Сонымен мен Алматыға келдім, ертең айтысқа шығамын. Жандарбек пен Сырымның ұйымдастырған түрі ғой енді , кішкентай ғана зал алыпты. Билеттер бір сағатта сатылып кетіпті», – деді парақшасында Айнұр Тұрсынбаева.

Балғынбек «ертең 20:00-де. Сырымнан бастаймын, Жандарбекпен жалғастырам» деп әлдекімдердің төбелесіп жатқан видеосын салды.

Сырым болса, сол stories-ті өзін салып, «ертең оңай болмайын деп тұр», – деді.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ақындар арасындағы онлайн-айтыс көпшіліктің көңілінен шыққаны туралы жазған едік.   

Сондай-ақ оқыңыз