Желіде Ерболат Құдайбергеннің наркологиялық диспансер алдындағы видеосы тарады

Жарияланды 11 Ақпан 2026 11:15

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Ерболат Құдайберген наша
фото: коллаж Kursiv Media,бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әлеуметтік желіде әнші Ерболат Құдайбергенді полиция қызметкері ұстап, наркологиялық орталық алдында тұрған видео тарады. Бейнежазба 100Baksoff парақшасында жарияланды.

Видеода Ерболат Құдайбергенге ұқсайтын ер адам полиция көлігінің алдында темекі шегіп тұр. Кадр сыртындағы дауыс: «Ерболат Құдайберген ғой, танисыңдар ма», – дейді.

Kursiv Media әншінің директорына хабарласты. Ол әртістің өзі сұхбат бермейтінін айтты. Ал видеода Ерболат па деген сұрақты растаған да жоқ, теріске де шығармады. Тек біраз уақыттан кейін ғана оны жалған деді.

«Бұл жалған ақпарат. Әркім өз шаруасын істесін. Ал біз шығармашылықпен айналысамыз. Жақында Ерболат ағаның әлеуметтік желідегі осы тақырыпқа қатысты жаңа синглінің релизі болады», – дейді директоры Салтанат.

Алматыдағы наркологиялық орталық қоңырауға жауап бермеді.

Ерболат Құдайберген – эстрадалық әнші. 2010 жылдары «Мен қазақпын», «Жігіттер» деген әндерімен ерекше танымал болды.

Шоу-бизнестегі басы дауға қалып, жауапқа тартылған әртістер аз емес. Осыған дейін әріптесін ұрып-соқты деген күдікпен Мұқасан Шахзадаевқа қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. Қазір оған қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз