Әйгілі «Мумия» фильмі қайта жарыққа шығады

Жарияланды 12 Ақпан 2026 11:51

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
МУмия
Фото: imdb.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Universal студиясы тарихындағы ең табысты франшизаны қайта жаңғыртпақшы. Көпшілікке жақсы таныс, шытырман жанрындағы «Мумия» фильмі тағы да жарыққа шығады.

 The Hollywood Reporter жазуынша, картинада бұрынғы актерлер ойнайды. Яғни Эвелин О’Коннелл рөлінде Рэйчел Вайсты, Рик рөлінде  Брэндан Фрейзерді қайта көреміз. Фильм режиссерлері – Мэтт Беттинелли-Олпин және Тайлер Джиллетт.

«Мумия» алғаш рет 1999 жылы жарыққа шықты. Сол кезде 422 млн доллар касса жинап, ең табысты фильмдер қатарына қосылды. Басты рөлде ойнаған Фрейзер жұлдызды актерлер тізіміне енді. Кейін 2001, 2008 жылдары да жалғасы шықты.

2017 жылы франшизаны қайта жарық көрген. Басты рөлді бұл жолы Том Круз ойнады. Бірақ прокаты өте сәтсіз болып, сыншылар да төмен рейтинг қойды.

Осы жолғы жаңа фильм 2028 жылы мамырда яғни түпнұсқадан 20 жыл өткеннен кейін экранға қайта шығады.

Сондай-ақ оқыңыз