Жаңалықтар

Алматыда жол қозғалысы қиындады: орталық көшелерде кептеліс

Алматыда жол қозғалысы қиындады: орталық көшелерде кептеліс / Фото: Shutterstock

12 ақпанда Алматы қаласының бірқатар негізгі көшелері мен даңғылдарында жол қозғалысы айтарлықтай қиындаған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қалада көлік ағыны тығыздалып, кептеліс деңгейі жоғарылап отыр.

Әсіресе, Абай, Әл-Фараби, Райымбек, Рысқұлов даңғылдарында, сондай-ақ Сейфуллин, Назарбаев, Достық көшелерінде қозғалыс баяулаған. Бұдан бөлек, Саин, Тимирязев, Желтоқсан, Жандосов, Төле би, Розыбакиев көшелерінде де көлік санының артуына байланысты кептеліс байқалады.

Жолдағы тығыздыққа ауа райының қолайсыздығы, жолдың тайғақ болуы, сондай-ақ таңертеңгі және кешкі қарбалас уақыт әсер еткен. Қала орталығы мен басты магистральдарда қозғалыс ең күрделі деңгейде қалып отыр.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында 2GIS, Яндекс.Карты сынды навигациялық қосымшалар арқылы жол жағдайын алдын ала тексеру, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдалану ұсынылды.

Қала тұрғындарынан қозғалыс кезінде сақтық шараларын күшейтіп, жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.