Жаңалықтар

Алматының бір ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілуі мүмкін

Алматының бір ауданында төтенше жағдай енгізілуі мүмкін / Фото: Shutterstock

Алматы Бостандық ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды енгізуге дайындалып жатыр. Жергілікті ауқымдағы Төтенше жағдайды жариялау туралы жоба жария талқылауға шығарылды.

Төтенше жағдай «Көкшоқы» шағынауданында, «Алма» тұрғын үй кешенінде және Алматы қаласының іргелес тұрғын үйлерінде сумен жабдықтаудың болмауына байланысты енгізіледі. Шаралар аумақты және халықты қорғауға, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталған.

Қала билігі инженерлік желілерді жаңғырту мен реконструкциялауды, ықтимал осал аумақтарда су басудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ жолдардың жекелеген учаскелерінде, оның ішінде тау бөктеріндегі аймақта тәуекелдерді азайту жөніндегі жұмыстарды жоспарлауда.

Айта кетейік, осыған дейін экологтар Алматыда ауа сапасы нашарлағаны туралы дабыл қаққан еді. 2024 жылмен салыстырғанда ауа 30%-ға ластанған. Almaty Air Initiative қоры 2025 жылғы ауа сапасын зерттеу нәтижесін жариялап, осындай қорытындыға келді.