Ақтауда шемішке шаққан бала операциядан бір-ақ шықты

Ақтауда дәрігерлер шемішкеге қақалып, тыныс жолына кептеліп қалған бір жасар сәбиді аман алып қалды.
Эндоскопист Роллан Елеусинов Lada.kz басылымына ота барысы туралы баяндап, балалардың өңеші мен тыныс жолдарынан жиі алынатын заттарды атады.
Дәрігер Роллан Елеусіновтің мәліметінше, 9 ақпанда ауруханаға тынысы қырылдап тұрған бір жасар сәби жеткізілген. Анасының айтуынша, бала шемішкеге қақалып қалған. Рентген тексеруінде бөгде зат анықталмағандықтан, сәби бронхоскопияға дайындалған.
Процедура кезінде эндоскопистер Роллан Елеусінов пен Нұржігіт Жансұлтан шемішкені дереу анықтап, оны бронхтардан сәтті алып тастаған.
Қазір сәбидің жағдайы едәуір жақсарған, тынысындағы сырыл толық жойылған. Бұл – анестезиологтер, терапевтер, хирургтер және эндоскопистердің үйлесімді командалық жұмысының нәтижесі.
Дәрігердің сөзінше, ай сайын ауруханаға бөгде зат жұтып немесе тыныс жолдарына кептеліп қалған 100-ге жуық бала жеткізіледі.