Жаңалықтар

«Атлетико» – «Барселона» матчын қайдан көруге болады

фото: laliga.com

13 ақпанға қараған түні Мадридте Испания Кубогының жартылай финалында «Атлетико» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды.

«Барселона» алдыңғы кезеңде «Альбасетені» 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. «Атлетико Мадрид» болса «Реал Бетисті» 4:0 есебімен ойсырата жеңген еді.

Енді жанкүйерлерді «Атлетико» мен «Барселона» арасындағы маңызды кездесу күтіп тұр. Матч Астана уақыты бойынша түнгі 01:00-де басталады.

Кездесу Қазақстан аумағында Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ тікелей эфирді келесі платформалардан да көруге болады: iD TV, TV+, MEGOGO, OTAU TV, BeeTV, Кинопоиск, Freedom Media, Unico Play.