Канада мектебінде атыс ұйымдастырған күдікті өз анасына да атқан болуы мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Tumbler Redlines

Канададағы Тамблер-Ридж мектебінде атыс шығарып, он баланы өлтірді деген күдікті үйінде өз анасы мен бауырына да шабуылдаған болуы мүмкін. Британиялық Колумбия провинциясындағы полиция ақпаратына сілтеме жасаған ВВС осылай жазады.

Күдікті – 18 жастағы Джесси Ван Рутселаар. Оның үйінде анасы мен он бір жастағы туысы болған, олардың денелері де сол жерден табылды. Құзырлы органдар дерегінше, Джесси алдымен үй ішінде атыс шығарған. Кейін мектепке барып, алты адамды өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсаған.

Құрбан болғандар арасында мектеп мұғалімі және 12-13 жастағы оқушылар да бар. Барлығы 25 адам жарақат алды.

ВВС жазуынша, Ван Рутселаар биологиялық ер адам болып туған, бірақ алты жыл бұрын жынысын ауыстырып бастаған.

Соңғы жылда психологиялық кінәраттарға байланысты Рутселаардың үйіне бірнеше рет полиция барған. Оның қару ұстауға рұқсаты да болған, бірақ мерзімі екі жыл бұрын өткен. Төрт жыл бұрын өзі атыс шығарған мектепте оқыған, бірақ тастап кеткен.

Еске салайық, бұл мектепте кеше ғана атыс болып, он адам қайтыс болды. Білім ошағы жұмысын тоқтатып, апта соңына дейін жабылды.

Сондай-ақ оқыңыз