Мереке қарсаңында қымбаттауы мүмкін үш акция

Жарияланды
Мереке қарсаңында қандай акция қымбаттауы мүмкін Фото: shutterstock

Валентин күні – АҚШ-тағы коммерциялық бағыттағы мерекелердің бірі. Америка ұлттық бөлшек сауда федерациясының деректері бойынша, биыл 14 ақпанда бір адам орта есеппен 200 доллар жұмсаса, жиынтық шығын 29 млрл долларға жетуі мүмкін.

Бұл ретте жұмсалатын шығыс құрылымы аса шоғырланған, тұтыну шығысының негізгі бөлігі бірнеше санатқа тиесілі. Қор нарығы үшін бұл тәуелсіз инвестициялық драйвер емес, бірақ қандай бизнес үлгілерінің эмоционалды сұранысты табысқа айналдыра алатынын және қаржы көрсеткіштерде мерекелік әсердің қаншалықты көрінетінін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды іс-әрекетінің триггері.

Осы ретте Freedom Finance Global талдаушысы Турал Алиев дәстүрлі сыйлыққа балама бола алатын үш компания акциясына шолу жасады.

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдар – Ғашықтар күні жұмсалатын шығыстың ең ірі бабы. Ұлттық бөлшек сауда федерациясының бағалауы бойынша ол шамамен 7 млрд АҚШ долларын құрайды.

Әшекей бұйымдардың орнына Signet Jewelers Limited (SIG) акциясын сыйлауға болады. Бұл компания – жаппай баға сегментінде (Kay, Zales, Jared брендтері) жұмыс істейтін АҚШ-тағы зергерлік бұйымдардың ең ірі сатушысы. Компания премиум санатындағы нарыққа емес, сауда көбіне нақты күндер мен оқиғаларға орай жасалатын кең аудиторияға бағытталған.

Компания соңғы тоқсандық есептілікте түсім мен салыстырмалы сатылымның өскенін көрсетті. Мерекелік кезеңдер үшін негізгі көрсеткіш – сатылған бұйымның орташа бағасы жылдық мәнде 7%-ға өсті. Операциялық пайда да айтарлықтай өсті. Бұл өте маңызды, себебі Валентин күні сияқты кішігірім сауда жасалатын кезеңдері зергерлік компаниялардағы сатылымы сатылған бұйымдардың санынан емес, қымбаттау бұйымдарды сатып алудан өседі.

Егер тұтынушы неғұрлым жоғары баға төлеуге дайын болса, компанияның сатылым көлемі орташа өссе де, ол табыстылығын сақтай алады. Инвестор үшін тәуекел сұраныстың циклділігімен және тұтынушылық кредиттеу жағдайына тәуелділікпен байланысты, алайда қазіргі серпін әлсіз кезеңдерден кейін тұрақтандырылғанын білдіреді. Бұл тұрғыдан мерекелік сұраныс оның жалғыз көзі емес, бұрыннан келе жатқан оң үрдісті күшейтеді.

Signet Jewelers Limited акцияларының динамикасы. Дереккөз: gurufocus.com

Мейрамханаға бару

Ғашықтар күні жұмсалатын шығыстың екінші санаты – мейрамханаға бару. Ұлттық бөлшек сауда федерациясының бағалауы бойынша оларға шамамен 6,3 млрд АҚШ доллары жұмсалады.

Мейрамханада кешкі астың орнына Darden Restaurants, Inc. (DRI) акциялары, ол АҚШ-тағы ең ірі жария мейрамхана желілерінің операторларының бірі (Olive Garden, LongHorn Steakhouse, Capital Grille). Компания дәстүрлі түрде мерекелік сұранысқа сезімтал сегментте, әсіресе бос уақытты бірге өткізетін күндері жұмыс істейді.
Компанияның 2026 қаржы жылына арналған соңғы нұсқауларына сәйкес, Darden Restaurants, Inc. түсім мен салыстырмалы сатылым өседі, сондай-ақ желі кеңейеді деп күтеді. Себебі 14 ақпанда мейрамханаға клиенттер көптеп келіп, сатылымды аз уақытта көтереді.

Зергерлік сегментке қарағанда, мейрамхана бизнесі орташа төлем көлемінің өсуіне аса сезімтал емес және шығысқа осал келеді. Сондықтан да, Darden Restaurants, Inc. инвестициялық тартымдылығы сұраныстың маусымдық ауытқуларында емес, брендтердің орнықтылығы мен бизнестің ауқымында жатыр. Бұл жағдайда мереке анықтаушы фактор ретінде емес, қосымша фактор ретінде әрекет етеді.

Darden Restaurants, Inc. акцияларының динамикасы. Дереккөз: gurufocus.com

Тәттінің орнына ұсынуға болатын акция

Тәттілер жұмсалатын шығыстың жалпы сомасы бойынша зергерлік бұйымдардан төмен болса да, сатып алушылар саны бойынша 14 ақпандағы ең танымал сыйлық болып қала береді.

Шоколад қорабының орнына АҚШ-тағы ең ірі шоколад және кондитерлік өнімдер өндірушілерінің бірі – The Hershey Company (HSY) акциясы. Мереке кезеңдері, соның ішінде Валентин күні компанияның ассортименті мен баға саясатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады

2026 жылға арналған соңғы болжамға сәйкес, The Hershey Company нақты сатылымның төмендегеніне қарамастан бағаның өсуі аясында түсім өседі деп күтілуде. Бұл тұтынушылық іс-әрекеттің қазіргі үлгісін көрсетеді: сатып алушылар тауарларды аз-аздан, бірақ қымбат бағаға, әсіресе кішігірім сыйлықтар жасайтын кезеңдері сатып алады. Бұл баға икемділігі мен күшті брендтердің барын көрсетеді.

Шикізаттың, әсіресе какао құны өскен кезде, компанияның бағаны көтеру қабілеті орнықтылықтың негізгі факторына айналады. Неғұрлым жоғары мамандандырылған ойыншыларға қарағанда, The Hershey Company-дің бірнеше маусымдық кезең бойынша сату құрылымы әртараптандырылған, бұл бір мерекеге тәуелділікті азайтады. Мерекелік сұраныс түсімді күшейтеді, бірақ бұл бизнестің жалғыз тірегі емес.

The Hershey Company акцияларының динамикасы. Дереккөз: gurufocus.com

Валентин күні инвестициялық мүмкіндікті өздігінен туғызбайды. Ол тек қай компаниялардың орташа төлем көлемін көтеріп, сұраныс көтерілген кезеңде табыс үлесін сақтай алатынын, ал қайсысы сатудың шектеулі уақыт кезеңіне байланысты болатынын көрсетеді. Баға икемділігі мен кіріс көздері әртараптандырылған бизнес үлгілері ең орнықты болып көрінеді.

Мереке тұтынушылық сектордағы компаниялар үшін стресс тестке айналады: қазірдің өзінде орнықтылықты көрсететіндер қосымша серпін алады, ал маусымдық тәуелділігі жоғары компаниялар ұзақ мерзімді инвестициялар тұрғысынан тәуекелді болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыз