Lifestyle

Қазақстандық блогерлер дыбыстаған GOAT мультфильмі көрерменге жол тартты

фото: Sony Pictures Entertainment

Алматыда қазақстандық блогерлер мен танымал тұлғалар дыбыстауға қатысқан GOAT анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Фильм кішкентай лақтың стереотиптерге қарсы шығып, баскетбол спортында алып жануарлармен күресіп, арманына жету жолындағы оқиғасын баяндайды.

Мультфильм тек спорт туралы емес, сонымен бірге мінез, табандылық және өзіне деген сенім жайлы маңызды ой қозғайды. Картина балаларға да, ересектерге де арналған.

Фильм 2026 жылдың 12 ақпанынан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады. Киноға билеттерді Freedom SuperApp қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Қосымша арқылы кино, концерт, театр және спорттық шараларға билет алып, 22%-ға дейін кэшбек жинау мүмкіндігі бар.

Freedom Ticketon компаниясының коммуникациялар жөніндегі директоры Азамат Атагелдиев кино саласы компания үшін стратегиялық бағыт екенін атап өтті.

«GOAT – Freedom Ticketon мен Ascar Cinema серіктестігінің алғашқы жобаларының бірі. Біздің мақсат – көрерменге билетті оңай әрі тиімді сатып алу мүмкіндігін ұсынып, кинотеатрлар мен аудиторияны бір экожүйеге біріктіру. Бұл көрсетілім сол жолдағы маңызды қадам, – деді ол.

фото: Freedom Ticketon

Жобаға қатысқан танымал тұлғалар да әсерімен бөлісті. Сценарист әрі стендап-комик Шыңғыс Ермек дубляж саласында өзін сынап көргеніне қуанышты екенін айтты.

«Дубляж саласында өзімді сынап көргеніме өте қуаныштымын. Кейіпкерімнің небәрі бір репликасы болса да, соның өзі ерекше тәжірибе болды. Кейіпкерім қызығушылығы мол, сәл тентектеу кейіпкер. Мен үшін бұл анимация әлеміне жасалған қызықты қадам болды».

Алдын ала көрсетілімнен кейін көрермендер фильмнің тәрбиелік мәнін ерекше атап өтті. Тревел-блогер Әсет Мырзабаев мультфильм баласын спортқа шабыттандырғанын айтса, көрермен Тельман картинада ата-ананың балаға деген сенімі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ал блогер әрі инфлюенсер Алина Ким фильмде журналист киіктің дауысын сомдап, кейіпкерінің батылдығы ұнағанын жеткізді.

«Киік басты кейіпкер емес, фильмде бір ғана сөйлем айтады. Бірақ сол бір сөйлемнің өзімен кейіпкер өте өжет, нағыз журналиске тән батыр сұрақ қояды. Егер фильм жалғасып жатса, оның образын тереңірек ашқым келер еді. Бұл кейіпкерден өзіме сенімділік сияқты алар едім».

фото: Freedom Ticketon

Әуесқой баскетболшы Дэниэл Джеймс те фильмнің спорт пен өмірдегі табандылықты дәріптейтінін айтып, болашақта қазақстандық спортшылардың NBA деңгейіне шығуына сенетінін жеткізді.

Freedom Ticketon өкілдері көрермендер киноға, концерттерге және түрлі мәдени шараларға билеттерді бір ғана супер-қосымша арқылы сатып алып, кэшбек жинай алатынын еске салды.

12–15 ақпан аралығында қосымша арқылы екі билет сатып алған кезде, «1+1» промокоды бойынша екінші билет тегін беріледі.