Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы қызметінен кетті

Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің (Жогорку Кеңеш) спикері Нұрланбек Тұрғұнбекұлы бүгін қызметінен кететінін мәлімдеді.
kaktus.media жазуынша, елде тұрақтылық болып, саяси реформалар іске асуы керек. Осы шаруа толық аяқталуы үшін Нұрланбек Тұрғұнбекұлы қызметін босататынын мәлім еткен.
Спикердің қызметінен кететіні елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің орнын босатқан соң айтыла бастаған. Комитетті бес жыл басқарған Тәшиевтің үш орынбасары да лауазымдарын босатты. Осы оқиғаның бәрі Тәшиев Германияда емделіп жатқан кезде болған. Көп өтпей комитеттің экс-бастығы елдегі тұрақтылықты сақтау үшін Президенттің пәрменін орындайтынын мәлімдеді.
Мұның алдында бес жыл бойы Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.