
Республикалық референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен алынады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.
Айтуынша, қаржы министрлігіне әлі қаражат сомасы көрсетілген өтініш түспеген. Сол себепті вице-министр референдумға жұмсалатын қаражат көлемін атай алмады.
«Орталық сайлау комиссиясына хабарластық. Бюджетке сұранымды бүгін немесе ертең жіберетін болды. Қаражат Үкімет резервінен алынады», – деді Темірбеков.
Айта кетейік, жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді.
Референдумға шығарылатын Конституция жобасы мәтінін мына жерден оқи аласыздар.