Референдумға жұмсалатын қаржы көлемі жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Саяси науқанға жұмсалатын қаражат көлемі аталды/коллаж kursiv.media

Орталық референдум комиссиясы референдумды өткізуге жұмсалатын қаражат көлемін жариялады. Алдын ала есепке сәйкес, саяси науқанға 20,8 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы ОСК мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді.

Айта кетейік, 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бүкілхалықтық дауысқа салынды. Бұл референдумға қазынадан 15,5 млрд теңге бөлінді.

2022 жылдың 5 маусымында қолданыстағы Конституцияға алтыншы рет өзгеріс енгізуге қатысты референдум өтіп, Ата заңның 33-бабына 56 түзету енгізілген. Бұл референдумды өткізуге бюджеттен 16,5 млрд теңге бөлінген. Соның 1,6 млрд теңгесі үнемделіп, мемлекет бюджетіне қайтарылды.

Бұған дейін Жаңа Ата заң жобасы дауысқа салынатын саяси науқанға қаражат үкімет резервінен алынатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз