Жаңалықтар

Шымкентте қайтыс болған 10 жастағы баланың оқиғасы бойынша іс қозғалды

фото: Дилара Иса

Шымкент қалалық полиция департаменті көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында шекесіне сынған ағаш тиіп қайтыс болған бала оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Полицияның хабарлауынша, аталған факті бойынша адам өліміне әкеп соққан қызметтік міндеттерге салғырт қарау дерегімен қылмыстық іс қозғалған.

«Ойын барысында кәмелетке толмаған бала бұтақтарында қалың қар жиналған ағаштың бұтақтарын өзіне қарай тартқан. Соның салдарынан қар сырғып, кейіннен ағаш құлаған» делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу басталған.

Кеше түнде қала әкімдігі қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Қаралы үйге барлық қажетті көмек берілетінін хабарлады.

Кеше, 11 аққан күні, түстен кейін 11 ықшамаудандағы аулалардың бірінде 10 жастағы баланың денесі табылған. Куәлардың сөзінше, баланың шекесіне сынған ағаш тиіп, оқиға орнында қайтыс болған.

Айта кетейік, қалада әуелі жаңбыр жауып, арты қарға ұласқан. Қар салмағын көтере алмай ағаштар сынған. Бірнеше автокөлік зақымданған.