«Спальныйда теңескен көлемдері»: ақындар Жігер Ауыпбаевты әзілмен қағытты

Жарияланды 12 Ақпан 2026 09:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Әлеуметтік желіде танымал айтыскер ақындар Жігер Ауыпбаевты әзілмен қағытып, бір-біріне ұйқас жолдар арнаған видео көптің назарын аударды. Instagram желісінде өткен видеоқоңырау барысында ақындар қалжың өлеңмен қағысып, өнердегі әріптестерін жеңіл әзілдің нысанына айналдырды.

Онлайн басқосуға айтыс сахнасында танылған Аспанбек Шұғатай, Дидар Қамиев, Шалқарбай Ізбасаров, Талғат Мықи секілді ақындар қатысып, өлең жолдары арқылы қалжыңды әңгіме өрбітті.

Құрдас деп қалжындап ек өнердегі,
Талап жатыр Жігердің көрермені.
Жігер, құрдас, не болды ашуланып,
Ойың сенің бойыңнан төмен бе еді?

Құрдас боп бізбен қатар жүргенімен,
Тең адам емессің ғой өлеңдегі.
Үлкен сабыр керек-ау, ұстау үшін,
Кішкентай бақытыңды төбеңдегі.

Ұзын-қысқа үйленіп талай адам,
Спальныйда теңескен көлемдері.
Семізді көтеретін пони мықты-ау,
Сөзді көтермейтін сенен гөрі,
– деп қалжыңдады ақындар.

Желі қолданушылары бұл видеоны әзіл ретінде қабылдап, айтыскерлердің тапқырлығына тәнті болды. Сонымен бірге, кейбір оқырмандар әзілдің шегінен аспау керегін де еске салған.

Еске сала кетейік, жуырда әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші бойжеткенге үйленгенін жариялаған. Сонымен қатар, жақында «Кішкентай қыз» атты жаңа әні мен бейнебаянын тыңдарманға ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз