Түркия парламентінде жаппай төбелес болды (видео)

Түркия парламентінде жаңа әділет министрінің ант беру рәсімі кезінде депутаттар арасында жаппай төбелес орын алды. Қақтығыс оппозициялық Республикалық халық партиясы мен биліктегі Әділет және даму партиясы депутаттары арасында шыққан.
Оппозиция өкілдері президент Режеп Тайип Ердоған әділет министрі қызметіне тағайындаған Акин Гюрлектің парламентте ант беруіне қарсылық білдіріп, рәсімді тоқтатуға тырысқан. Соның салдарынан депутаттар арасында айқай-шу туып, бір-бірін итеріп, кейбірі жұдырықтасуға дейін барған.
БАҚ мәліметінше, Акин Гюрлек бұған дейін Ыстанбұлдың бас прокуроры қызметін атқарған. Өткен жылдың наурыз айында қала мэрі Экрем Имамоглуға қатысты қамауға алу ордерін шығарған. Бұл шешім ел ішінде жаппай наразылық акцияларының өтуіне себеп болған еді.