
Бүгін, 12 ақпан көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырған Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имашев жұбына қарсы айтысады. Онлайн батл форматында өтетін айтыс тікелей эфирде көрсетіледі.
Онлайн айтысты қайдан көруге болады
Тікелей эфир 12 ақпан күні сағат 20:00-де Telegram платформасында өтеді. Көру үшін ұйымдастырушылар ұсынған сілтеме арқылы 990 теңге көлемінде төлем жасап, чекті жіберу қажет. Осыдан кейін жабық арнада эфирге қосылу мүмкіндігі беріледі.
Бұған дейін айтыс офлайн форматында да өтетін жазған едік. Алайда Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, билеттердің барлығы сатылып кеткен.