
Курсив редакциясы 2026 жылғы ақпан айына арналған соңғы статистикалық мәліметтерді талдап, «Ұл» түбірін қамтитын әйел есімдеріне шолу жасап көрді.
Ұлболсын және оның әртүрлі нұсқалары ғасырлар бойы қыз балаларға берілген. Бұл атау ата-аналарға жақсы тілек ретінде беріліп, келесі туған бала міндетті түрде ұл болсын деп ырымдаған.
Қазіргі таңда Қазақстанда:
- Ұлболсын / Улболсын – әртүрлі жазылу нұсқаларымен 13 400-ден астам қазақ қызы осы есімді арақалап жүр.
- Ұлжан / Улжан – сөзсіз көшбасшы, бұл есім 16 500-ден аса адамға қойылған.
- Ұлдана / Улдана – шамамен 9 500 адам.
Қызығы, тізімге дыбысы ұқсас, бірақ түбірі мүлдем басқа Ульяна есімі де кірген (9 704 адам), ол дәстүрлі қазақ есімдерімен бір деңгейде танымал.
Ұлдарға тән есімдер
Тізімдегі көптеген әйел есімдері тікелей «еркекке тән» сипаттармен байланысты. Ата-аналар тек ұл күтіп қана қоймай, қыздарына батылдық, қайсарлық қасиеттерін беру немесе немесе оларды еркектік символымен байланыстыруды көздеген.
- Ұлбала – 3 038 қыз.
- Ұлжалғас – 5 000-нан астам қазақ қызы.
- Ұлсерік – 340 адам.
- Ұлан – 234 қыз тек қана еркек есімі саналатын бұл есімді атайды.
- Ұлдархан – 166 адам.
Сонымен қатар, қыздарға беруге сирек кездесетін, тіпті ерсі көрінетін нұсқалар да бар, мысалы Ұлбатыр немесе Ұлбек.
Қорғаушы есімдер
Бұл аз десеңіз, кейде қазақстандықтар қыздарына ерекше немесе тіпті оғаш есімдер қояды. Мысалы:
- Ұлдықыз – 143 адам;
- Ұлжангел – сирек кездесетін жағдайлар;
- Ұлболды – 10 адам.
Сонымен қатар, қыздарды дүниеге әкелу осымен шектелсін деген ниетпен Ұлтусын деп те қойып жатады. Қазақстанда мұндай есім 370-тен астам адамға қойылған.