14 ақпан – ғашықтар күнінде қайда баруға болады

Жарияланды 13 Ақпан 2026 16:59

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
14 ақпан
фото: shutterstock

14 ақпан – Ғашықтар күні. Бұл кешті әдеттегі мейрамханада емес, жанды дауыстағы әнмен немесе әсерлі қойылыммен өткізуге болады. Алматы мен Астанада бұл күні концерттер, оркестрлік кештер мен романтикалық шаралар көптеп өтеді.

MOLDANAZAR тобының жеке концерті

Қазақстандық танымал музыкант Ғалымжан Молданазар және оның MOLDANAZAR тобы қазақ тіліндегі заманауи поп пен синти-поп бағытындағы ерекше стилімен тыңдарманға кеңінен танылған. Ғашықтар күні олардың концерті романтикалық көңіл күй сыйлайтын кештердің бірі болмақ.

14 ақпан, 19:00
Өтетін орны: Motor Club
Қала: Алматы

Ne Prosto Orchestra әйгілі фильм саундтректер кеші

14 ақпан, 19:00
Өтетін орны: Qazaqconcert
Қала: Астана

Кеш барысында әлемге танымал фильмдердің музыкасы орындалады. Көрермендер «Титаник», «Матрица», «Ла-Ла Ленд», «Крёстный отец», «Терминатор», «Джеймс Бонд» және басқа да культтік фильмдердің әуендерін оркестр мен хор орындауында тыңдай алады.

Билеттерді Freedom Ticketon сайтынан алуға болады

Tynda Music оркестрінің махаббат кеші

14 ақпан, 17:00 және 19:00
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Сарайы

Tynda Music оркестрі махаббат тақырыбындағы фильмдердің әйгілі саундтректерін орындайды. Кеш бағдарламасына «Титаник», «La La Land», «Сумерки» секілді кинолардың музыкасы енген.

Киносүйер қауым үшін

Қазір кинотеатрларда касса көшін бастап тұрған «Ғашықпын саған» фильмі де көрерменнің қызығушылығын артырып отыр. Туынды Алматыға оқуға келген студент қыздың тағдыры мен махаббат хикаясын баяндайды. Үлкен қала, арман мен сезім арасындағы таңдау – фильмнің негізгі желісі.

Сонымен қатар, 12–15 ақпан аралығында кинотеатрларға арнайы акция жүріп жатыр: Freedom Ticketon арқылы билет алсаңыз, екінші билет тегін ұсынылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін кинопрокатта қазақстандық блогерлер дыбыстаған GOAT мультфильмі шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз