Жаңалықтар

Айтбек Амангелді Салтанат Нүкенова туралы кітабының тұсаукесерін өткізеді

Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Нүкенова жайлы кітап жазды / Фото: _salta_n/Instagram

Айтбек Амангелді «Оның есімі Салтанат» атты кітабының таныстырылымын өткізеді. Кітап марқұм Салтанат Нүкенованың өмірі мен тағдырына арналған.

Тұсаукесер екі қалада өтеді:

  • 21 ақпан, 15:00 – Астана қаласындағы Marwin KeruenCity кітап дүкенінде.
  • 22 ақпан, 15:00 – Алматы қаласындағы Меломан Grand дүкенінде.

Кіру тегін

Автор еңбегінде Салтанаттың жұбайымен қарым-қатынасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен психологиялық қысымның қалай қалыптасатыны, сондай-ақ отбасының әділеттілікке жету жолындағы күресі жан-жақты баяндалады.

Еске сала кетейік, Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты іс бойынша 2024 жылғы 13 мамырда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шыққан еді. Сот шешімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылса, Байжанов 4 жылға сотталды.

Ал 2025 жылдың шілдесінде амнистия туралы заңға сәйкес Байжановтың жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылып, қалған өтеу мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленді.