Алаяқтар желіде армияның «ақ билетін» сатып жатыр

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Армия Казахстана готова защищаться, но в Минобороны не сказали от кого
Фото: kursiv.media мұрағаты

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде «әскерден қалдыру» немесе «ақ билет» алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы таратылып жатқанын ескертеді.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімді тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын түсіндірді.

Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылардың өздері үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

«Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы «мәселені шешіп беруге» кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын «әскери комиссариаттардың көмекшілерінің» айла-шарғыларына алданбауға шақырады. Әскери қызметті өткеру – әр азаматтың конституциялық борышы», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде және қызметтен босатылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс (несиелік каникул) тетігі қолданылады. Белгіленген мерзімді толық өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері ұсынылады. Соның ішінде оларға студенттік жатақханадан орын алуға да басым құқық беріледі. Сондай-ақ жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ білім беру грантын алу мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз