АҚШ елшісі Алматыда 49 жылға жалға берілген жер туралы айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жер 49 жылға жалға берілген/көрнекі фото: kursiv.media

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули Стафф Алматыдағы жаңа консулдық ғимаратының құрылысын «ауқымды жоба» деп атады.

«Расымен де бұл ауқымды жоба. Бұл біздің дипломатиялық қарым-қатынасқа беріктігімізді айқындайды және АҚШ-тың Алматыдағы дипломатиялық миссиясының кеңейтеді. Астанада елшілігіміз жұмыс істеп тұр, ал Алматыда жұмыс күшейтіледі», – деді елші.

Сондай-ақ елші келесі аптада Алматыдағы ғимараттың құрылыс барысымен танысып қайтатынын айтты.

«Құрылысты аяқтауға бірнеше жыл қажет. БАҚ өкілдерін шақырып, жұмыс барысымен таныстыруды жоспарлап отырмыз», – деді Стафф.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының жаңа кешенін салу үшін 70 593 шаршы метр жер учаскесі 49 жыл мерзімге жалға берілді

Жерді жалға беру құны –  25,3 млн доллар. Консулдық Жамақаев, Алдар Көсе көшелері мен Әл-Фараби және Сейфуллин даңғылдарының арасында салынады.

Сондай-ақ оқыңыз