Жаңалықтар

АҚШ елшісі Тоқаев пен Трамптың қандай қарым-қатынаста екенін айтты

АҚШ елшісі қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді/фото: kursiv.media

Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздік, мәдениет және сауда саласындағы байланысты нығайта береді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.

Биыл Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 35 жыл болады. Елшінің сөзінше, қазір екіжақты байланыс бұрынғыдан да күшейе түскен. Бұған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың бір-бірін танитыны және тұрақты байланыста екені де әсер еткен.

«Президент Трамп пен президент Тоқаев бір-бірін жақсы таниды. Бұл Қазақстанның өңірлік деңгейдегі және әлемдегі беделін көрсететіні анық. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық жалғасын табады. Екі ел қауіпсіздік, мәдениет және сауда саласындағы байланысты тереңде береміз», – деді елші Стаффт.