АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қазақ тілін үйренуге қатысты жоспарын бөлісті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елші Астанада БАҚ өкілдерімен кездесті/фото: shutterstock

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стафф қазақ тілін үйренуге қатысты жоспарын бөлісті.

«Расымен де қазақ тілін меңгеру дағдыларымды жетілдіруге тырысамын. Келешекте Қазақстанда жұмыс істеген басқа елшілер секілді қазақ тілінде сөйлей алатын да шығармын», – деді елші қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Одан бөлек елші Қазақстандағы тіл саясатына араласа алмайтынын айтып өтті.

«Елшілік ретінде мемлекеттің тіл саясатына араласпаймыз. Дегенмен дипломаттарды тағайындау және басқа елдерге жіберу алдында оларды даярлау бағдарламамыз бар. Яғни Қазақстанға тағайындалатын дипломаттар қазақ тілінуге бағытталған дайындықтан өтеді», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Джули Стаффттың қазақстандықтарға үндеуін қазақ тілінде жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз