Жаңалықтар

Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді

Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді / Фото: Shutterstock

14 ақпанда Астана қаласында жаңа Конституция жобасына байланысты «Референдум–2026» онлайн-марафоны ұйымдастырылады.

Шара сағат 12:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады.

Онлайн-марафон аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер бір алаңда бас қосып, пікір алмасады. Кездесуде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен олардың әрбір азаматтың өміріне ықпалы кеңінен талқыланады.

Шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook желілеріндегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Онлайн-марафонды кез келген азамат қашықтан тамашалап, маңызды қоғамдық талқылаудың куәсі бола алады.

Айта кетейік, республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді

Референдумға шығарылатын Конституция жобасы мәтінін мына жерден оқи аласыздар.