Атырауда блогерді мазаратқа апарып ұрып-соққандар сотталды

Атырауда 25 жастағы блогерді мазаратқа апарып, ұрып-соққандарға сот үкімі шықты. Атырау сотының хабарлауынша, оқиға 2025 жылдың 3 қазанында болған.
Жәбірленуші Құралай Болатованың сөзінше, оқиға Ыстанбұл турынан басталған. Құралай танысының өтініші бойынша саяхаттауға шақыратын жарнаманы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Кейін өзі де барғысы келіп, алдын ала төлем ретінде 100 мың теңге төлеген. Алайда тур ұйымдастырылмай, қыз ақшасын қайтаруды сұраған.

Содан кейін таныстары оны көлікке отырғызып, қала сыртына апарып, ұрып-соққан. Бұл туралы бойжеткен жергілікті «Ақ Жайық» редакциясына айтқан.
Артынша қыз полицияға жүгіріп, қылмыстық іс қозғалды. Екі әйел алдын ала сөз байласып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталды.
Сот үкіміне сәйкес, екі әйел бір жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда жазасын бір жылдан кейін өтейді. Сондай-ақ олардан моральдық және материалдық шығын ретінде 3,9 млн теңге өндірілетін болды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.