Жаңалықтар

Бір жылда жүзден астам америкалық Қазақстанда білім алған

АҚШ 75 елге иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатты/фото: shutterstock

АҚШ 2026 жылдың басында 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатты. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффттің сөзінше, мұндай шектеулер бұған дейін де қабылданған.

«Бұл уақытша шара, иммиграциялық виза беруді толық тоқтату емес. Мұндай шектеу ел заңында жазылған және миграциялық көшті реттеуді көмектесуге бағытталған. Бұл шектеулер бәріне қатысты емес. Мәселен студенттерге арналған виза мен иммиграциялық емес визалар қалыпты режимде беріліп жатыр», – дейді Стаффт.

Сонымен қатар елші 2024-2025 оқу жылында америкалық білім беру бағдарламалары аясында үш мыңнан аса қазақстандық АҚШ-қа барғанын атап өтті. Джули М. Стаффт мұны екі ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш деп атады.

«Сондай-ақ 2023-2024 оқу жылында 100-ден астам америкалық Қазақстанда білім алды. Бұл да рекордтық көрсеткіш. Осы көрсеткішті арттыру үшін жұмыс істей береміз. Елші ретінде мақсатым – АҚШ-қа баратын қазақстандық санын көбейту және Қазақстанға келетін америкалықтар санын арттыру», – деді АҚШ елшісі.

Бұған дейін АҚШ елшісі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың қандай қарым-қатынаста екенін айтты.