Киевтегі Жамбыл Жабаев ескерткіші бұзыла ма – Украина институты жауап берді

Украина Ұлттық жад институты Киевтегі Жамбыл Жабаев ескерткішін бұзу қажет пе деген мәселеге түсініктеме берді.
Украина – Центральная Азия ақпаратына қарағанда, Институтының басшысы Александр Алферов Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың есімін ұлықтау коммунистік тоталитарлық режимді немесе ресейлік империялық саясаттың рәміздерін ақтаумен байланысты емес деп есептейді.
Сонымен қатар, Институт Жамбыл Жабаевтың ресейлік империялық саясатты жүзеге асыруға қатысқаны немесе соған жәрдемдескені жөнінде дәлел таппаған. Украинадағы «Ресейлік империялық саясатты айыптау және оны насихаттауға тыйым салу туралы және топонимиканы деколонизациялау туралы» заңда мұндай саясат украин халқын құл етуге, қанауға және ассимиляциялауға бағытталған іс-шаралар жүйесі ретінде айқындалған.
Институттың түсіндіруінше, Жамбыл Жабаев украин халқын отарлауға жәрдемдескен тұлға болып саналмайды.
Алферов бұл ұстанымын қазақстандық «Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тұрарбек Құсайыновтың үндеуіне берген жауабында білдірген.
Бұған дейін Құсайынов Киевтегі Жамбыл Жабаев ескерткішін бұзып, оның атындағы көшені қайта атауға шақырған болатын.
Александр Алферов Жамбыл Жабаевтың бірқатар жырларын Украинаға арнағанын да алға тартқан. Ақын шығармаларын украин ақындары Павло Тычина, Мыкола Бажан және басқалар аударған.
Украина Ұлттық жад институты – арнайы мәртебесі бар орталық атқарушы орган. Ол ұлттық жад саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Деколонизация туралы заңды қолданудағы даулы мәселелерге түсініктеме береді.
Мәселен, 2024 жылдың көктемінде УҰЖИ жазушы Михаил Булгаковты дүниетанымы бойынша украинофоб әрі империялық көзқарастағы тұлға деп таныған. Кейін Киевский городской совет Булгаков ескерткішін бұзу туралы шешім қабылдаған.
Айта кететін жайт, Қазақстанда Жыр алыбы Жамбылдың 180 жылдығы биыл аталып өтіледі.