Жаңалықтар

Коучтарға талап күшейді: біліктілікті растайтын құжат міндетті

Коучтарға талап күшейді: біліктілікті растайтын құжат міндетті / Фото: Shutterstock

2026 жылғы 14 ақпаннан бастап Қазақстанда Коучинг қызметінің кәсіби стандарты ресми түрде күшіне енеді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, енді коучинг жай ғана сәнге айналған атау немесе әлеуметтік желідегі BIO-да жазылатын әдемі сөз емес. Аталған стандарттың қабылдануымен коучинг мемлекет тарапынан реттелетін ресми мамандық мәртебесіне ие болды.

«Ертеңнен бастап өзіңді коучпын деп айта салу мүмкін болмайды. 14 ақпанда елімізде Коучинг қызметінің кәсіби стандарты ресми түрде күшіне енеді. Енді бұл жай ғана сән немесе BIO-дағы әдемі сөз емес, мемлекет реттейтін мамандық. Ең бастысы – коучтардың білімі мен біліктілігін растайтын арнайы құжаттары болуы қажет, басқа да талаптар бар», – деп жазды депутат.

Жаңа талаптарға сәйкес, коучинг қызметін көрсететін мамандардың кәсіби дайындығы мен құзыреті нақты құжаттармен дәлелденуі тиіс. Сарапшылар бұл өзгеріс қызмет сапасын арттырып, тұтынушылардың құқығын қорғауға және кәсіби емес мамандардың нарыққа кіруін шектеуге ықпал етуі тиіс.