Күн бетінде көздері Жерден он есе үлкен алып «смайлик» пайда болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жымиған «еріндерінің» ұзындығы жарты миллион километрге жуық / фото: XRAS

Қазіргі сәтте Күн шамамен 1,5 миллион километрлік алып смайликке ұқсап тұр. «Көздері» әрқайсысы Жерден шамамен 10 есе үлкен.

XRAS ақпаратына қарағанда, жымиған «еріндерінің» ұзындығы жарты миллион километрге жуық. Смайлик ашу шақыруға емес, мейірімді көрінеді. Бірақ езуінде аздаған мысқыл да бар.

Қазір Күн дәл Жерге «қарап» тұр. Ал басқа жақын планеталар – Шолпан, Меркурий және Марс Күннің арғы бетінде орналасқан.

Ғарыштағы ауа райы

Қысқа мерзімді, болмашы геомагниттік толқулар сақталынып отыр. Бірақ олардың айтарлықтай себебі жоқ. Жалпы жағдай толықтай тыныш деуге болады. Тек осы әлсіз ауытқулар ғана барлық көрсеткішті «жасыл аймаққа» өткізуге кедергі келтіріп тұр.

Жарқыл белсенділігі

4366-аймақ көкжиектен кеткен соң, Күн белсенділігі күрт төмендеп жатыр. Қазір Күн бетінде тек атап өтуге тұрарлық екі белсенді аймақ қалды. Дәл солар алып «смайликтің» екі «көзі» болып тұр. Соңғы 12 сағатта бұл аймақтарда тіпті ең әлсіз деген бірде-бір жарқыл тіркелмеген.

Апта соңына дейін белсенділік индексі нөлге дейін түседі ме, әлде қайта өсім көрсете ме, ол жағы әлі беймәлім. Бірақ әзірге белсенділіктің қайта күшеюіне түрткі болатын фактор байқалмайды.

Айта кету керек, Күн белсенділігінің нөлдік деңгейі соңғы рет 2024 жылдың сәуірінде тіркелген. Алайда бір айдан кейін, 2024 жылдың мамырында, тарихтағы ең қуатты белсенділік толқындарының бірі пайда болды.

Жерде соңғы 20 жылдағы жалғыз ең жоғары деңгейлі магниттік дауылға ұласқан еді. Сондықтан ұзақ мерзімді қорытынды жасауға әлі ерте.

Мұның алдында Жерге ғарыштан алып тас жақындап келе жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз