Михаил Шайдоров медаль үшін таласады: 13 ақпандағы Олимпиада кестесі

13 ақпан күні өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл күні қазақстандық жанкүйерлер үмітті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа артады.
Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров бесінші орында келеді. Төртінші сатыдағы италиялық спортшы Даниэль Грассльден небәрі бір ұпайға қалып отыр. Ал жүлделі үштікке дейінгі айырмашылық сәл көп болғанымен, барлығы еркін бағдарламада шешіледі.
Сонымен қатар қазақстандық биатлоншылар спринт жарысында бақ сынайды. Егер олар үздік 60 спортшының қатарына енсе, келесі кезеңге жолдама алады. Ал бұл межеден аса алмаса, Олимпиададағы соңғы жарыстары осы болмақ.
Қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесі
Шаңғы жарысы
15:45 – 10 км қашықтыққа еркін стильдегі жеке жарыс (ерлер)
Қатысушылар:
- Әмірғали Мұратбеков (№51)
- Наиль Башмаков (№53)
- Виталий Пухкало (№57)
Биатлон
18:00 – 10 км спринт (ерлер)
Қатысушылар:
- Асет Дүйсенов (№12)
- Владислав Киреев (№72)
Мәнерлеп сырғанау
23:00 – Ерлер арасындағы еркін бағдарлама
Қатысушы:
- Михаил Шайдоров (20-шы болып мұз айдынына шығады)
Бүгінгі жарыс күнінде Қазақстан құрамасының жүлдеге таласу мүмкіндігі жоғары, сондықтан жанкүйерлер үшін шешуші сәттер алда.
Жанкүйерлер Қысқы олимпиада ойындарын Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.