
Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имашев жұбы Алматыда өткен жұлдызды айтыс батлында басымдық танытты. Айтыс барысында Айнұр Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханқа өткір сөздер айтып, қарсыласын сойып салды.
Айтыс барысында Айнұр Сырымға:
Жап жақсы бала едің ғой, қажы болып келген Меккеден.
Соншама бүгін шапшыдың тиіскін келіп өкпеден.
Ішкен жегенді сөз қылған жігіттерді жек көрем.
Баяғыда біздің батырлар найзамен шаншып ет жеген.
Қазіргі біздің батырлар вилкамен шұқып торт жеген.
Молочный девочкасын деп сен едің маған жетпеген.
Абайлап сөйле атаңа, бажылдай берме апаңа.
Молокоссың, аузынан молокосы кеппеген, – деп өткір жауап қайтарды.
Айтыс барысында көрермен арасынан ЖанСырымға қолдау көрсетіп, оралдық ақын Мұрадым Мирланов сахнаға шықты. Мұрадымның айтқан сөздерін сілтеме арқылы көре аласыз.
Айта кетейік, жұлдызды батл айтыс 12 ақпан күні Алматыда шағын залда өтті. Алты мыңға жуық адам айтысты онлайн тамашалады.