Қытай компаниясы Қазақстанда HOWO жүк көлігін шығарады

Қытай компаниясы Қазақстанда HOWO жүк көлігін шығарады. Жоба 2026 жылы іске қосылатын 200 жобаның қатарына енген. Оны Saran Machinery компаниясы жүзеге асырады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, бүкіл жобалар толық қуатына шыққан кезде өндіріс көлемі шамамен 2,3 трлн теңгені құрамақ.
Бұл жоба 2024 жылы Қазақстан Қытаймен 2,5 млрд долларға жасаған 8 коммерциялық келісімнің арасында бар. Saran Machinery ЖШС мен Sinotruk International компаниясы сол кезде 70 млн доллар сомасында келісімге отыратыны хабарланған.
Ал 2025 жылы Sinotruk International компаниясы Saran Machinery серіктесті акционерлер қатарына енді. Ол Қытайдың жүк көліктерін шығаратын ірі кәсіпорны. Қазіргі кезде компанияның үш құрылтайшысы бар: «Саран машина зауыты» ЖШС, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және Sinotruk International.