
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев Германияда алып жатқан емін үзіп, Қырғызстанға дереу оралды.
13 ақпанға қараған түні оны «Манас» әуежайында бұрынғы қызметтік көліктеріне ұқсас бірнеше автокөлік қарсы алған.
Kaktus.media ақпаратына қарағанда, бұған дейін Тәшиевтің әлеуметтік желілердегі үндеуін жариялаған журналист Нургазы Анаркулов оның емі әлі аяқталмағанын, алайда қалыптасқан жағдайға байланысты елге оралуға мәжбүр болғанын атап өткен.
10 ақпанда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров жарлыққа қол қойып, соған сәйкес Қамшыбек Тәшиев Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Жумгалбек Шабданбеков тағайындалды.
Сондай-ақ ҰҚМК төрағасының үш орынбасары да қызметтерінен босатылды.
12 ақпанда Жогорку Кенештің спикері Нурланбек Тургунбек уулу өз өкілеттігін тоқтатты. Жаңа тораға болып Марлен Маматалиев сайланды.
Тәшиевтің өзі сырқаттанып қалғанын және президенттің рұқсатымен Германияға кеткенін айтқан. Оның сөзінше, оған бұрын ота жасалған жерде тексеруден өту қажет болған. Айтуынша, қызметінен босатылуы ол үшін күтпеген жағдай.