
Алматыда айтысқа шөлдеген көрермен үшін ақындар бетпе-бет сөз қағыстырды. Бұған дейін желіде сөз таластырған айтыс жұлдыздары Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имаш, Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан шағын залда жүздесіп, көрерменге шынайы айтыс атмосферасын сыйлады.
Айтыс барысында күтпеген жағдай орын алып, сахнадағы тартыс қыза түсті. Айтыстың ортасында Оралдан келген ақын Мұрадым Мирланов сахнаға шығып, сөз сайысына араласты.
Мұрадым көрермен арасынан атып шығып:
«Әй, Балғынбек, тоқтат сөзіңді, Бақыратпай көзіңді,
Ақынмын деп ойлайсың мен тұрған өзіңді», – деп, қарсы тарапқа өткір сөз тастады.
Оралдан келген ақын Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханға жақтасып, Балғынбек Имашты беттен алып, төске шапты.
Ортаға шығып домбыра мен микрофонды қолына алған Мұрадым:
«ЖанСырым-ау, ән салғанда семь нотадан, аумайды Рики Марти Энрикодан,
Орманда ойда жоқта екеуіне шабуылдап кеткен екен бегемот ағам,
Ол аздай Түркиядан Айнұр келіпті, аумайтын принцесса Шерлотадан…» – деп бастады сөзін.
Осылайша Мұрадым сахнадағы тартысты одан әрі қыздырып, көрермендерді таңғалдырды.
Бұған дейін, БалШырын мен ЖанСырым жұптарының арасындағы айтыста кім жеңіске жеткенін жазған едік.