Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды. Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындады.
Турнир қорытындысы мынадай:
1-орын. Михаил Шайдоров – 291.58 ұпай
2-орын. Юма Кагияма (Жапония) – 280.06 ұпай
3-орын. Шун Сато (Жапония) – 274.90 ұпай.
Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасында Денис Тен қола жүлде алған.
Айта кетейік, Қазақстан атынан қысқы Олимпиаданың алтын жүлдесін 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алды.