Нұрлан Қоянбаев жол апатына түсті ме?
Жарияланды

Белгілі әртіс Нұрлан Қоянбаев соңғы салған сторисімен көпшілікті алаңдатып қойды. Ол жол апатына түсті ме деген сұрақ туындады.
Қоянбаев ауруханада жатқан суретін салған. Төсекте ақ жайма жамылған, бір қолымен тұтқадан ұстап отыр.
«Жолда абай болыңыздар», – деп жазған ол сторисіне.
Әртістің инстаграм парақшасында 2 млн оқырманы бар. Танылмал продюсер, актер әрі тележүргізуші. Қазір әлеуметтік желідегі белгілі инфлюенсер, трендсеттердің қатарында.
Қоянбаев Threads желісінде де өте белсенді. Тіпті оқырмандар оған «Threads президенті» деген атақ берді. Жақында ол әр аптаның сәрсенбісінде желіде Қазақстанды мақтап отыруды ұсынған.