
Астанада LRT станциясында өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ, өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар қызметіне Сарайшық ауданындағы қоғамдық көлік аялдамасында өрт шыққаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына жеткен бойда, салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінен түтін шыққаны анықталды. Электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта өртенген», – деп хабарлады мамандар.
Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіріп, оттың көрші бөлмелерге таралуына жол бермеген.