Өскеменде оқушылар қашықтан оқуға жіберілді

Өскеменде ауа сапасының нашарлауына байланысты оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы Өскеменнің білім бөлімі хабарлады.
Редакцтя мәліметінше, 2026 жылдың 16 ақпанында 0-11 сынып оқушылары үйде оқиды. Бұл өзгеріс екі ауысымдағы оқушыларға қатысты болып отыр.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің экология департаменті ауа сапасын тексерген.
«Ауа сапасы орташа деңгейде бағаланады және тұрғындар денсаулығына қауіп төндірмейді», – деп хабарлады мамандар.
Әкімдік ауа сапасына көліктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және от жағып отырған жеке тұрғын үй секторы әсер етеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар екі гидроэлектр станциясының болуы Ертіс пен Үлбі өзендерінің қыс мезгілінде қатуына жол бермейді, бұл қалың тұманның пайда болуына әкеледі.