Алматы – бүкіл әлемдегі ең лас қала

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы қаласы экология лас ауа түтін смог
Алматы қаласын қою қара түтін басты / фото: shutterstock

16 ақпанда кешкі сағат 17:00 шамасында Алматы қаласы ауа сапасының индексі (AQI⁺) 200-ге (өте зиянды) жетті. Қазір әлемде оңтүстік астанадан лас қала жоқ. Мәліметті IQAir жариялады.

Негізгі ластаушы: PM2.5 – 124.9 µg/m³. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген межеден, яғни қалыпты жағдайдан 25 есе жоғары.

Дәл қазір бүкіл әлемде Алматыдан лас қала жоқ. Ауа сапасы нашар 15 қаланың ішінде Ташкент те бар. Өзбекстан астанасының AQI⁺ индексі – 134.

Оңтүстік астананың әсіресе Райымбек батыр даңғылынан төменгі аудандарда индекс 238-ге дейін жетті, яғни «өте зияндыдан» «қауіпті» деңгейіне жетеқабыл болып тұр. Ал Қаскелеңде ауа сапасы 254 деп бағаланды.

ауа сапасы индексі Алматы қаласы
фото: iqair.com картасынан скриншот

Мегаполистің тауға жақын аудандарындағы ауа сапасы айтарлықтай таза. IQAir шаһардың жоғарғы жағындағы ауасының сапасын негізінен «орташа» деп бағалады.

Сондай-ақ оқыңыз