Димаш, Роналду және Шаламе «жылдың ең сұлу ер адамы» атағына таласады

Жарияланды 16 Ақпан 2026 09:57

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Құдайберген «жылдың ең сұлу ер адамы» номинациясына таласады / коллаж: kursiv.media

Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «2026 жылдың ең сұлу ер адамы» атағына үміткерлер қатарына енді. Номинацияны Netizens Choice Magazine журналы ұйымдастырып отыр.

Үміткерлер қатарында әлемге танымал жұлдыздар да бар. Атап айтқанда, әйгілі футболшы Криштиану Роналду, актерлер Брэд Пит, Жейсон Момоа, әнші Жастин Бибер және жас актер Тимоте Шаламе секілді өнер және спорт жұлдыздары да бұл атаққа таласып жатыр.

Енді жеңімпазды анықтау жанкүйерлердің дауыс беруіне байланысты. Дауыс беру тәртібі журналдың ресми парақшасында жарияланған.

Жеңімпаздың есімі халықаралық жаңалықтарда кеңінен жарияланып, арнайы бейнеролик Times Square алаңындағы алып экрандарда көрсетіледі. Сондай-ақ ең көп дауыс жинаған үміткер байқаудың абсолютті жеңімпазы атанып, журнал мұқабасына шығады. Бұл марапат әртістің талантын ғана емес, әлемдік деңгейдегі танымалдылығын да айқындайды.

Дауыс беру 2026 жылдың 30 мамырына дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген қысқы олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтынын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз