Хабиб Нұрмұхамедов Ресейдегі кәсібінің бәрін сатып жіберді

Әйгілі боксшы Хабиб Нұрмұхамедов Ресейдегі кәсібінің бәрін сатып, Біріккен Араб Әмірліктеріне инвестиция салып жатыр. Енді ол сол елде жыл сайын 50 млн долларға жуық табыс тауып жүр. Бұл туралы Mash телеграм-арнасы хабарлайды.
Ресейлік арна мәліметінше, аралас жекпе-жектен бұрынғы әлем чемпионы 2025 жылы жеке кәсібін тоқтатып, қарыздарын жапқан. Басылым оның алдында боксшының федералдық салық қызметімен арада түрлі қиыншылыққа тап болғанына назар аударған.
Кейінгі бес жылда Хабиб «Росси» қоры мен өзінің атындағы «Хикмат Травел» турагенттігінен шыққан. Бұған қоса, ол «Сильди» киім брендінен бас тартып, «Первый мобильный» провайдерінің құрылтайшысы қызметінен де кеткен.
Нурмагомедов Eagles жекпе-жек клубын Зиявудин Магомедовке берген. Осы ұйымның 16 шоты салық тәртібін бұзғаны үшін бұғатталған.
Mash мәліметінше, Хабибтің Әмірліктердегі кәсібі дамып келе жатыр. Ол KHABIB GYM желілерін ашып, жылына 6 млн доллар пайда тауып отыр. Сонымен бірге кәсіпкер Gorilla FC-ті 1 млн долларға сатып алып, оның атын EAGLE FC деп ауыстырған. Нурмагомедовтің Әмірліктердегі бір жылдық табысы 46 млн долларға жуықтайды деп түйіндеді басылым.